Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Талдықорғандағы жарылыс: ата-анасы мен бауырынан айрылған отбасыға қатысты жаңа деректер жарияланды

Талдықорғандағы жарылыс: ата-анасы мен бауырынан айрылған отбасыға қатысты жаңа деректер жарияланды
Айбек Құттыбек

Талдықорғандағы үйде болған жарылыс салдарынан үш адамның қаза табуына қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 31 желтоқсанында болған. Сол күні екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, арты өртке ұласқан. Жаңа жыл қарсаңында дастархан басында отырған Бекпаевтар отбасы ауыр жағдайға тап болған.

Оқиға салдарынан жеті адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, отағасы Ерлан Бекпаев, оның жұбайы Дания және 16 жастағы ұлы Асан көз жұмды.

Кейін анықталғандай, жарылысқа табиғи газдың шығуы себеп болған. Үй маңында төмен және орта қысымды газ құбырлары жүргізілген. Олардың қауіпсіздігіне екі газ компаниясы жауапты болған.

Тергеу барысында осы компаниялардың бірінің басшысы күдікке ілініп, қамауға алынған. Іс Қылмыстық кодекстің "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бабы бойынша қаралып жатыр.

Қазір қылмыстық іс сотта қаралуда. Келесі сот отырысы сәуір айына жоспарланған.

Қайғылы жағдайдан кейін отбасының үлкен ұлы Ернұр барлық жауапкершілікті өз мойнына алған. Ол кәмелетке толмаған бауырларына қамқор болып, отбасының тірегіне айналған.

Жас жігіттің айтуынша, жарылыстан кейін тек жақындарынан ғана емес, баспанасынан да айырылған. Сонымен қатар түрлі тұрмыстық және заңдық қиындықтарға тап болған.

Қазіргі таңда ол туыстарының қолдауымен жаңа өмірге бейімделуге тырысып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер