Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тайваньның тәуелсіздігін қалайтын кандидат президент болып сайланды

Тайваньның тәуелсіздігін қалайтын кандидат президент болып сайланды

Bloomberg есебінше, Тайвань президенті Цай Инвэнь 11 қаңтарда өткен сайлауда шамамен 57,1 пайыз дауыспен жеңіске жетті. 11 қаңтар кешке дейін елдегі сайлау учаскелерінің 99,8 пайызында дауыс саналған.

Инвэнь - Тайваньның Қытайдан тәуелсіздік алғанын қалайтын кандидат.

Қытай Тайваньды өз территориясы санайды және "бір ел – екі жүйе" принципін ұсынады. Инвэнь алғашқы президенттік мерзімі аяқталуға жақын қалғанда рейтингі сәл төмендеген еді, бірақ Гонконгтегі Қытайға қарсы наразылық тұсында танымалдығы қайта арта түсті.

Инвэньнің басты қарсыласы – Гаосюн қаласының 62 жастағы мэрі Хань Гоюй. Оның партиясы Пекинмен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайды. Алдын ала есеп бойынша, ол 38,6 пайыз дауыс алған.

АҚШ мемлекеттік департаменті Инвэньді екінші рет президент болып сайланғанмен құттықтады.

11 қаңтарда Тайваньда жергілікті парламент сайлауы да өтті. Оның дауысы әлі саналған жоқ.


Azattyq
Автор
Еркебұлан