KZNews.kz
Шоу-бизнес

Таиландта қаза тапқан 18 жастағы азаматтың блогер екені анықталды

KZNEWS

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қаза тапқан 18 жастағы қазақстандық жайлы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне Пхукет аралында Қазақстанның азаматы суға батып кетті деген ақпарат келіп түсті. Ол ақпаратты тексеру үшін біздің консул жергілікті полиция қызметкерлерімен байланысты. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілген. Үшінші күні азаматтың денесі судан шығарылды. Екі күн суда болғаннан кейін денені тану қиын. Әке-шешесі полицияға барып, мәйіттің баласы екенін таныды», - деді ол.

Ол атағандай, азамат бірнеше ай Таиландта болған.

«Ол 15 жасынан шетел аралап жүрген блогер бала. Оның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Сол жақтағы әріптестеріміз отбасының жанында»,- деді Смадияров.

Фото: novostiphuketa.com
KZNEWS
Автордың басқа материалдары