Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тағы да күйеуі әйелін ұрып өлтірді

Тағы да күйеуі әйелін ұрып өлтірді

Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өз әлеуметтік парақшасында жариялады:

ТАҒЫ ДА
күйеуі әйелін ұрып өлтірді;
Тағы да сұмдық оқиға балалардың көзінше болды.
Тағы да 4 бала тірі жетім қалды.
Тағы да Түркістан облысы (Жетісай) 🤷‍♀️
Байқұс әйелдің жасы 30-да екен. Төрт баланың кішісіне 6-ақ ай.
Шартты түрде сотталған күйеуі, жұрттың айтуынша бұл жолы нашаға еліріп ес жоғалтқан. Марқұмның сынбаған сүйегі, езілмеген органы жоқ. Сұмдық оқиғаны көрген-білген ауылдастар пікірін ➡️➡️➡️ жазбаны жылжытып оқи аласыздар.
Өлімші қылып ұрып-тепкеннен әйел Ес-түссіз аурухаға түсті де бір апта бойы комадан шықпай көз жұмды😢
Өте өкінішті… 2 ай бұрын дәл осылай Ордабасыда орын алған Үкілай трагедиясы еш сабақ болмаса керек?!
Ол оқиға әлі тергелуде. Мына жағдай @turkistan_polisia назарында, қылмыстық іс қозғалды.
Қанша жерден жамандықты айтпайық, мал құлағы саңырау десек те өзімізден қашып құтыла алмаймыз!!!
Отбасылық зорлық-зомбылық қоғам трагедиясы!!!
Өркениет пен технология дамыған сайын адамның деңгейі төмендеп барады🤷‍♀️
Егер, әу баста еркектің әйелді ұруын отбасылық кикілжің емес тұрмыстық зорлық-зомбылық деп санағанда талай тиран тайраңдап жүрмес еді!

Автор
Айбар