Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тағы бала сүймейсіздер ме?" – Актер Азамат Сатыбалды ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

"Тағы бала сүймейсіздер ме?" – Актер Азамат Сатыбалды ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі туралы алғаш рет ашық әңгімеледі, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің айтуынша, олардың отбасында бір ғана ұл бар. Алайда қоғам тарапынан айтылатын кей сөздер жүрекке ауыр тиген сәттер аз болмаған.

"Бізде бір ұл. Сондай кезде "тағы бала сүймейсіздер ме?", "бір баламен шектеліп қалдыңдар ма?" деген сөздер айтылады. Бірақ адамдар сенің ішкі жағдайыңды, отбасыңда не болып жатқанын білмейді", – деді актер.

Азамат Сатыбалды жұбайы Назгүл екеуі де көпбалалы шаңырақта өскенін, өздері де үлкен отбасы болуды армандағанын жасырмады. Алайда тұңғыштары дүниеге келгеннен кейін жұбайы денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған. Дәрігерлер оған енді бала көтере алмайтынын айтқан.

"Бармаған жеріміз, қаралмаған дәрігеріміз қалмады. Бірақ нәтиже болмады. Бірден диагноз қойылды. Ер адам болған соң түрлі ой келеді екен", – деп ағынан жарылды актер.

Ол сол қиын кезеңде әкесінің айтқан бір ауыз сөзі өміріне үлкен әсер еткенін ерекше атап өтті.

"Әкем шақырып алып: "Егер Назгүлден ажырасып, басқа әйел аламын десең, екі дүниеде батамды бермеймін. Маған Назгүлден артық келін керек емес. Алла бір бала берсе – соған шүкір ет. Бір бала он балаға татуы мүмкін" деді", – деп еске алды Азамат Сатыбалды.

Әкесінің осы даналығы оның көзқарасын өзгертіп, отбасы арасындағы байланысты одан әрі нығайтқан.

Қазір актердің ұлы 21 жаста. Азамат Сатыбалды бұл шешіміне ешқашан өкінбейтінін айтып, әкесіне ризашылығын білдірді.

"Бүгінгі күні қарап отырсам, әкемнің айтқаны – үлкен даналық екен. Бір бала – біздің бар байлығымыз", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер