Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Табыт жасаумен айналысқан": Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйде табылды - Қазақстан жаңалықтары

"Табыт жасаумен айналысқан": Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйде табылды - Қазақстан жаңалықтары

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйде табылды. Болжам бойынша, 10 жылдан бері табыт жасаумен айналысатын 60 жастағы азамат әйелімен бірге пештен шыққан ыстан улануы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

Не телефонға жауап бермей, не есігін ашпаған соң туыстары полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде, жатқан жерінде жан тапсырған ерлі-зайыптыны көреді.

Олардың денесінде ешқандай зорлық ізі жоқ. Марқұмдардың балалары Ресейде тұрады екен. Туыстарының сөзінше, үй иелері бұған дейін пештен түтін шығып, үйдің іші ыс болатынын талай айтқан. Бірақ олардың нақты неден өлгені тек «сараптамадан кейін белгілі болады» дейді құтқарушылар.

"Олардың неден қайтыс болғаны әлі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалғанымен, бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Мүмкін қылмыс болған шығар. Оның барлығы тексеріледі", - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.


stan.kz
Автор
Данияр