«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сыныптасым достарымен зорлады”: 17 жасар бойжеткен Руслан Өтепбайға адам шошырлық оқиғасын баяндады (ВИДЕО)

“Сыныптасым достарымен зорлады”: 17 жасар бойжеткен Руслан Өтепбайға адам шошырлық оқиғасын баяндады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Белгілі тележурналист Руслан Өтепбай Алматы қаласында болған сұмдық оқиға туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист желідегі парақшасында қаршадай қыздың құрдастарынан қорлық көргенін жеткізді.

Бұл 17 жасар студент қыз. Айтуынша, оны сыныптасы күштеп, еркінен тыс арын таптаған. Ол кезде бойжеткен небәрі 16 жаста болған. Оқиға Алматы қаласында орын алған.

Ал қыздың ата-анасы құзырлы орган өкілдерінің әрекетіне наразы. Сөздерінше, кәмелетке толмаған күдіктінің бостандықта жүргеніне 8 айдан асқан. Олар әділ тергеу мен нақты жауапкершілік талап етеді.

Жәбірленуші қыз бірнеше рет есін жоғалтқаны туралы баяндап берді.

"Ол - менің сыныптасым. Екеуміз бір ауылда өскенбіз. Оның мамасы - менің сынып жетекшім. Қайтадан екінші арақты құяды. Одан кейін мен есімді толықтай жоғалтамын. Мен білмеймін. Сол жерде ұйықтап қалғанмын. Ең алғаш көзімді ашқан уақытта қасымда Бекзат жатты. Мен жалаңаш болдым. Көзімді аштым. Қарадым. Одан кейін есімді жоғалтып алдым. Есімді екінші рет жиған кезде жуынатын бөлмеде тұрмын. Қолымнан екі жігіт ұстап тұрды. Екі досы. Бірі - Бекзатхан. Мен оны дауысынан танимын. Екінші баланы таныған жоқпын. Үстімде киім жоқ. Сонымен, қайтадан есімнен айырылдым. Қалай әкеп жатқызғаны мүлде есімде жоқ. Үшінші рет есімді жиған уақытта Бекзатхан менімен жыныстық қатынасқа түсіп жатты. Мен астында жаттым. Ол менің үстімде тұрды. Есімді жиғанда Бекзатханның оң жақ кеудемінен тептім. Тепкеннен кейін ол мені аяғымен қысып ұстап, денеме қатты зат тигенін білемін" - дейді жәбірленуші.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.