KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Шынымен опасыздық па”: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шетелде демалып жүр

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың шетелде бірге демалып жүргені белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Өнер иелері теңіз жағасында және катермен серуендеп жүрген сәттерінен сторис жариялап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Демалыс барысында Дариға Бадықова «Сен керексің» атты жаңа әнін тыңдарманға ұсынып, оның мазмұны мен мағынасы жайлы әсерлі ойымен бөлісті.

Желі қолданушылары екі өнер иесінің бірге жүргеніне күмән келтірмей, түрлі пікір қалдырды. Оқырмандар арасында «Шынымен күйеуіне опасыздық жасады ма?», «Дариға өз бақытына енді жолыққан сияқты», «Олжас інім, тым жастау емес пе?», «Екеуі жарасымды жұп», «Ақша болса, сырт келбетке де көз жұма қарайды екен» деген сарындағы пікірлер жазылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін актриса күйеуімен ажырасқанын ашық мәлімдеген еді.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары