KZNews.kz
Жаңалықтар

Шымкенттегі оқушы өлімі: баланы құлаған ағаш басып қалған

Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Шымкент қаласында табиғи апат болып, ағаш бұтақтары сынған. Соның кесірінен қайғылы жағдай орын алды.

Түні бойы жауған қардан кейін көше бойындағы ағаштар құлаған. Сынған бұтақтың бірі көшеде кетіп бара жатқан 4-сынып оқушысын басып қалған. Ағаш сынақтары арасында қалған баланы сол маңдағы ғимарат күзетшілері көріп, құтқармақ болыпты. Өкінішке қарай, ауыр соққыдан оқушы жантәсілім еткен. Мұны оқиға орнына келген "Жедел жәрдем" бригадасы нақтылайды.

"Шымкенттің 11-шағынауданында қайғылы оқиға болды. Қалың қардың салмағына шыдамаған ағаш бұтағы үзіліп, мектеп оқушысының үстіне құлаған. Нәтижесінде 36-мектептің 4-сынып оқушысы сол жерде қайтыс болды. Баланың денесін аула сыпырушылар тауып, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады" деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте баста...
Автордың басқа материалдары →