Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттегі студент қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады

Шымкенттегі студент қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында, деп хабарлайды kznews.kz.

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

"Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады", - делінген хабарламада.

Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда. Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бойжеткеннің қазасының алдын алуға болар еді деп мәлімдеген еді.

«Шымкент полициясы ата-анасының сталкинг пен ұрлау дерегі бойынша жазған арызына дер кезінде шара қолданғанда 21 жастағы қыздың қазасының алдын алуға болар еді», – деп жазды депутат Facebook парақшасында.

Әбенов бейнежазба жариялап, Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысын қызметтен босатуды талап етті.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза тапты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қыздың қашып құтылуға тырысқаны, кейін қарсылық көрсеткені, ал жас жігіттің оны ұрып-соғып, пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны көрінеді. Оқиғадан кейін күдікті қылмыс орнынан бой тасалаған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі