Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттегі кісі өлімі: полиция тағы үш күдіктіні қолға түсірді

Шымкенттегі кісі өлімі: полиция тағы үш күдіктіні қолға түсірді
Фото: Бейнежазбадан кескін

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде адвокат Талғат Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оның айтуынша, күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген.

“Василий Колесниковті өлтіру дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген”, – деп жазды Есімов.

Бұған дейін, 21 қаңтарда полиция кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адамның ұсталғанын хабарлаған еді.

“Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Еске салсақ, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да араласып, арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер