KZNews.kz
Қоғам

Шымкентте дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 16 магнит алып шықты

Torgyn Abushakhman

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған үш жасар бала жеткізілді. Дәрігерлер баланы тексеріп, оның 16 магнитті жұтып қойғанын анықтаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Баланың ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп магниттерді жұтып қойған. Дәрігерлер баланы тексеру кезінде сәбидің іш аймағында айқын ауырсыну белгілері байқған.

Қабылдау бөлімінде балаға шұғыл түрде барлық қажетті медициналық шаралар көрсетіліп, содан кейін ол хирургия бөліміне жатқызылды. Құрсақ қуысына жүргізілген рентгенологиялық зерттеу барысында мамандар бөгде заттарды анықтады.

“Тиісті медициналық тексерулерден кейін балаға шұғыл операция жасалды. Видеоэзофагогастроскопия кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит табылды”, — деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Магниттер эндоскопиялық грассердің көмегімен баланың ағзасынан түгелдей алынды. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер оның өміріне төндірген бөгде заттар дер кезінде алынғанын айтты.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары