Шымкент қаласында 7 жастағы оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасалды деген күдікпен мектеп мұғаліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға 25 ақпанда сабақ уақытында болған. Баланың анасының айтуынша, қызы сол күні мектептен көңіл күйі түсіп, өзін жайсыз сезініп оралған. Кейін ол мұғалім тарапынан өзіне қатысты орынсыз әрекет болғанын айтқан.
Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабы негізінде қылмыстық іс тіркелгенін растады. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.