Қоғам

Шымкентте 26 жастағы келіншекті азаптап өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға үкім шықты

Шымкентте 26 жастағы келіншекті азаптап өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға үкім шықты

Шымкентте 26 жастағы келіншекті азаптап өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

11-сынып оқушысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда соттың бұл үкімімен марқұмның туыстары мүлде келіспейді. Олар берілген жаза тым жеңіл дейді.

Еске салайық, шілде айында Шымкенттегі қоқыс маңынан пакетке оралған Диана Оңғарбаеваның мәйіті табылған еді. Жоғалып кеткен оны туыстары он күн бойы іздеген . Үй тазалап, ақша табуға кеткен ол сол күйі оралмаған. Белгілі болғандай оны жұмысқа шақырған жасөспірім келіншекті азаптап өлтірген. Сөйтіп мәйітін түн ішінде қоқыс маңына алып барған. Прокурор айыптау актісін оқығанда оқушы әйелді өлтірген соң зорлағанын  айтқан еді. Алайда сот барысында бұл үкімнің күші жойылған. Өйткені бұл қылмыс дәлелін таппады дейді судья.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваны жақындары ақтық сапарға шығарып салғанын жазғанбыз. Тұңғышын жер қойнына тапсырған анасы көргенде өз перзентін танымай қалған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz