Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Сұраймын сүйіншімді»: Төреғали Төреәлінің алтыншы перзенті дүниеге келді (фото)

«Сұраймын сүйіншімді»: Төреғали Төреәлінің алтыншы перзенті дүниеге келді (фото)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің алтыншы перзенті дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті.

"Ұлы дала баласы" келіншегімен перзентханада түскен суретін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. "Алла деп бағындырдым биыл шыңды, Перзантхана екінші үйім сынды, Алтыншы рет бұйырды әке атану Алты Алаштан сұраймын сүйіншімді", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Көпбалалы ата-ана әзірге сәбиінің жынысын жария етпеді. Желі қолданушылары ерлі-зайыпты бірден құттықтап, оларға ақ тілегін жарыса жолдап жатыр.
Автор
Еркебұлан