KZNews.kz
Шоу-бизнес

Сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды (видео)

KZNEWS
Шымкентте тойхана залына кіргізілген жылқы малына қатыгездік танытқан тұрғындар анықталды, деп хабарлайды Kznews.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында орамалмен көзі байланған атты баспалдақтан төмен түсіруге әрекеттеніп жатқан ер адамдар туралы видеоны байқады.

Тексеру нәтижесінде бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде сүндет той кезінде болғаны анықталды.

Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 407-1 бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Тәртіп сақшылары жануарларды ұстау кезінде оларды ұрып-соғуға, азаптауға, жануардың өліміне, жарақаттануына әкеп соқтыруы мүмкін зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін ескертеді», - делінген мәліметте.

[video width="640" height="640" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2023/10/VID_20231011_020112_610.mp4"][/video]
KZNEWS
Автордың басқа материалдары