Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сулейманимен қоштасу кезінде қаза болғандардың саны 50 адамнан асты

Сулейманимен қоштасу кезінде қаза болғандардың саны 50 адамнан асты

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары генерал Касем Сулейманиді жерлеу кейінге қалдырылғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар — Sputnik. Иранда генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі кезінде 50-ден астам адам қаза болды, 200-ден астамы зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін қоштасу рәсіміне адам тым көп жиналғандықтан, 40 адамның қаза тапқаны және 213 тұрғынның зардап шеккені хабарланған еді.

"Қаза болғандардың саны 50 адамнан асты, олардың көпшілігі ер адамдар", - деді Керман аймағының сот медицинасы ұйымының басшысы Аббас Амиян.

Генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі оның туған қаласы Керманда бүгін таңертең басталған еді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, генералмен қоштасқысы келетіндердің көптігіне байланысты оны жерлеу кейінге қалдырылған.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=JZu3495tMos[/embed]

3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Абу Махди аль-Мухандисті өлтірді.

© REUTERS / WANA NEWS AGENCY

Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі кезінде қаза болғандар 50 адамнан асты

Вашингтонның мәлімдеуінше, олар өткен жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырды. Иранның Жоғары көшбасшысы Али Хаменеи Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаруға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға шабуыл жасалса, Ирандағы 52 нысанға соққы жасалатынын мәлімдеді. Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды ұстамдылық танытуға үндеп жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан