Білім

Еліміздің бас педагогы барша мұғалімді қуантатын жаңалығын хабарлады

Еліміздің бас педагогы барша мұғалімді қуантатын жаңалығын хабарлады
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Білім беру саласында жасанды интеллектті кезең-кезеңімен енгізу мақсатында Оқу-ағарту министрлігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл қадам Мемлекет басшысының мектеп және техникалық білім беру жүйесіне AI технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашқы отырысқа жетекшілік еткен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова отандық IT-қоғамдастық пен EdTech саласының сарапшылары ұсынатын жаңа шешімдерге ашық екенін жеткізді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған "Жасанды интеллект туралы" заң еліміздің технологиялық дамуында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Бәсекеге қабілетті, заманауи ұрпақ тәрбиелеу үшін AI-ды оқу процесіне дұрыс әрі тиімді енгізу – басты міндетіміз. Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, білім беру үдерісін оңтайландыратын құрал болуы тиіс", – деді министр.

Жиында AI технологияларын білім жүйесіне енгізуге қатысты бірнеше маңызды бағыт талқыланды:

  • жасанды интеллект үшін этикалық нормаларды бекіту;
  • нормативтік-құқықтық базаны жаңарту;
  • білім сапасын арттыратын инновациялық IT шешімдерін әзірлеу;
  • AI платформаларына қойылатын техникалық талаптарды дайындау.

Жұмыс тобы осы бағыттар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды еліміздің білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуді бастамақ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz