Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен арнайы жасақтар арасындағы беделді SWAT Challenge халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсеткен.
"Сүйінші! БАӘ-де арнайы жасақтар үшін Олимпиада саналатын SWAT Challenge жарысында Қазақстан намысын қорғаған командалар топ жарып, қазақ жауынгерлерінің мықтылығын әлемге дәлелдеді!
Kazakhstan C – 1 ОРЫН
Kazakhstan A – 2 ОРЫН
Үштікті Қытай жауынгерлері қорытындылады
Әлемнің ең мықты арнайы жасақтары жиналған додада көк туымыздың көтерілуі үлкен мақтаныш! Жігіттер, жарадыңдар! Қазақстанның айбыны асқақтай берсін! "Қазақ біріксе, алмайтын асу жоқ" деген сөздің шынайы көрінісі осы болса керек. Биыл бұл жарысқа әр орган жеке-жеке команда болып емес, ортақ іріктеуден өткен ұлттық құрама ретінде аттанды. Нәтижесі алдарыңызда", – деп жазды Дәулет Мұқаев.