110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Сүйінші, қазақ елі": Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты хабарды айтты

"Сүйінші, қазақ елі": Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты хабарды айтты
Нартай Аралбайұлы. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяда өткен дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарды. Сүйінші жаңалықты Мәжіліс депутаты, Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Дүбірлі дода 30 қазан мен 4 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өтті. Әлемнің 38 мемлекетінен келген 700-ге жуық мерген өзара мықтыны анықтады. Қазақстан намысын халықаралық жарыста 45 спортшы қорғады.

Нартай Аралбайұлы ұлттық құраманың жетістігіне қуанып, спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады.

"Сүйінші, қазақ елі! Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионы атанды. Алтын тұғыр қазақтың еншісінде. Қуан, Қазақ елі!" – деп жазды депутат.

Ол қазақстандық мергендердің әлемдік додада жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті.

"Қазақтың сұрмергендері әлемде теңдессіз екенін, жеңіс тұғырын ешкімге бермейтінін тағы да дәлелдеді. Барлық жеңімпаздарды, жаттықтырушыларымызды, жанкүйерлерді құттықтаймын", – деді Нартай Аралбайұлы.

Әлем чемпионатында спортшылар дәстүрлі садақ атудың төрт бағыты бойынша сынға түсті. Олар – 30 метрдегі қазақ жамбысы, 70 метрдегі түрік пута нысанасы, 90 метрдегі венгр нысанасы және 145 метрдегі корей нысанасы. Батыс Қазақстан облысының спортшылары да жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, Рустам Аманғалиев пута нысанасындағы командалық жарыста, венгр нысанасындағы командалық сайыста және жамбы атудан алтын медаль жеңіп алды. Мұрат Лұқпанов бір күміс және бір қола медаль иеленсе, Әсемгүл Ғалымжанова жамбы атудан қола жүлдеге қол жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер