Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат пайда болып, соның салдарынан билік жыл қорытындысына арналған тұрғындармен тікелей эфирді уақытша өткізбей отыр, деп хабарлайды "Верстка".
Басылымның жазуынша, соңғы апталарда шешендік медиа тікелей желіге қарқынды дайындық жүріп жатқанын бірнеше рет жариялаған, алайда нақты күні мен уақыты ешбір хабарламада көрсетілмеген. Республика билігі бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме бермей келеді.
49 жастағы Қадыровтың жағдайы туралы әртүрлі расталмаған мәліметтер 2019 жылдан бері тарап келеді. 2023 жылдың қыркүйегінде оны комада жатыр деген ақпарат шыққан. Былтыр "Новая газета Европа" Қадыров бірнеше жыл бойы ұйқы безінің некрозы диагнозымен өмір сүріп жатқанын жазған. Осы мәліметтерден кейін Қадыров өзінің жағдайы жақсы екенін көрсету мақсатында түрлі физикалық жаттығулар жасап жатқан видеолар жариялаған.
Түркия медиасының хабарлауынша, биыл шілде айының соңында Бодрумда теңізге түскен кезінде Қадыровқа шұғыл медициналық көмек қажет болған: журналистер оның суда тұншығып, өздігінен жүзе алмай қалғанын, артынша ауруханаға жеткізілгенін жазды. Грозный бұл ақпаратқа байланысты ешқандай пікір білдірмеген.