Әлем

Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті
Фото: Ашық дереккөзі

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыровтың Грозныйда жол-көлік апатына түсіп, жансақтау бөліміне жеткізілгені хабарланды. Бұл туралы «Кавказ.Реалии» басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тараған мәліметке сәйкес, Адам Қадыровты Грозныйдағы республикалық ауруханаға апарып, әрі қарай Мәскеуге тасымалдауға дайындап жатқан көрінеді. Дереккөздердің бірінің айтуынша, науқас жеткізілгеннен кейін ауруханаға апаратын жолдар уақытша жабылған. Сондай-ақ ол кезде Қадыров ес-түссіз күйде жансақтауда жатқаны айтылған.

Басылым келтірген дерек бойынша, кортеж жоғары жылдамдықпен қозғалған, ал көлікті Адам Қадыровтың өзі басқарған болуы мүмкін. Жол апатына бірнеше автомобильдің қатысқаны, зардап шеккендер бар екені айтылады. Алайда олардың нақты саны әзірге жарияланбаған.

Кейін «Кавказ.Реалии» дереккөзі Адам Қадыровтың есін жиғанын хабарлаған. Сонымен бірге оның жағдайы «дәрігерлер үшін қауіп төндірмейді» деген мәлімдеме тарады. Дегенмен, Шешенстан билігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермеген, сондықтан ақпарат әзірге дереккөздер мәлімдемесі ретінде ғана қарастырылып отыр.

Еске салайық, Адам Қадыров — Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2025 жылдың сәуірінде Шешен Республикасы Ішкі істер министрлігінің кураторы болып тағайындалғаны айтылған. Бұдан бөлек, ол В.В. Путин атындағы Ресей арнайы мақсаттағы университеті мен РФ Қорғаныс министрлігінің Шейх-Мансур және Байсангур Беноевский атындағы батальондарын қадағалайтыны көрсетілген.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz