Шешенстан басшысының үлкен ұлы, республика үкіметі төрағасының орынбасары әрі дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыровқа Шешенстан Батыры атағы берілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Тиісті өкімге 7 тамызда Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.
"Менің қымбатты інім, Шешенстан Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары – Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Рамзанұлы Қадыровты жоғары атақ алуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Даудов өзінің Telegram-дағы арнасында.
Ол бұл атақтың берілуін Қадыровтың Шешенстан Республикасы мен оның халқы алдындағы жеке еңбегін, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты бағалау екенін атап өтті.