Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шұғыл хабар! Алматыдан ұшып шыққан ұшақ ел күтпеген жағдайға тап болды

Шұғыл хабар! Алматыдан ұшып шыққан ұшақ ел күтпеген жағдайға тап болды
depositphotos.com

Алматыдан ұшқан FlyArystan әуе компаниясының ұшағы қону кезінде құстармен соқтығысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Авиакомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 қаңтар күні FS7167 рейсін орындау барысында, Алматы – Орал бағыты бойынша ұшып келген әуе кемесінің қону сәтінде болған. 

Ұшақ Орал әуежайына қонғаннан кейін әуе кемесі мен оның тораптарын тексеру үшін Астана қаласынан инженерлік-техникалық мамандар жіберілген.

«Барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң ұшақ пайдалануға жарамды деп танылды. 25 қаңтар күні сағат 01:17-де ол Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшты. Рейс кешіккен жолаушыларға ыстық сусындар мен тамақ берілді, сондай-ақ сұраныс бойынша 33 жолаушы қонақүйге орналастырылды», – деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметі.

FlyArystan өкілдері барлық әрекет авиациялық қауіпсіздік пен техникалық пайдалану талаптарына толық сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Компания үшін жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты басымдық екенін, ал құстармен соқтығысу тасымалдаушыға тәуелсіз сыртқы факторларға жататынын да қоса мәлімдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер