Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Степногорск тұрғындарын шошытқан Аяз ата мен Ақшақар сынға ұшырады

Степногорск тұрғындарын шошытқан Аяз ата мен Ақшақар сынға ұшырады

Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысындағы Степногорск қаласының көшелеріне дәстүрлі Аяз ата мен Ақшақар мүсіндері орнатылды. Алайда мерекелік көңіл күй сыйлауы тиіс кейіпкерлер сырт келбетімен қала тұрғындарының таңданысын емес, үрейін тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ерекше жаңа жылдық безендіру жайлы алғашқы жазбалар әлеуметтік желілерде пайда болды. Тұрғындар мүсіндердің сапасы мен көрінісін сынға алып, оларды «түн қараңғысында балтамен шапқандай» әсер қалдырады деп сипаттаған. Ал өзге инсталляциялар сол «шығармашылық үдерістің» кездейсоқ куәгерлеріне ұқсайды деген пікірлер айтылды.

Сонымен қатар желі қолданушылары мерекелік безендіруге 10 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалғаны туралы ақпаратты алға тартып, бұл жағдайдың қоғамда ерекше наразылық тудырғанын атап өтті.

«Ойласам, аулада қолдан жасалғандай»,

«Біздің кезімізде мектептің ауласында еңбек пен сурет пәнінің мұғалімдері осындай мүсіндер жасайтын»,

«Қорқынышты фильм түсіруге арналғандай»,

«Балаларды тек қорқыту үшін қойылған»,

«Талантты адамдар көп қой, неге кәсіби мамандарды тартпайды?» – деп жазды тұрғындар.

Қоғамдық резонансқа қала әкімдігі жедел жауап беріп, тұрғындардан кешірім сұрады. Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Дархан Оспановтың айтуынша, биыл «ескі игі дәстүрді қайта жаңғырту» мақсатында қала ұйымдарына жаңа жылдық алаңды өз бастамасымен безендіруге мүмкіндік берілген.

– Аяз ата мен Ақшақардың, сондай-ақ басқа да шағын сәулет формаларының жаңа жылдық инсталляциясы – ұйымдардың бастамасы, – деп нақтылады ол.

Сонымен бірге депутаттық корпус өкілдері бұл безендіруге қала бюджетiнен бір тиын да бөлінбегенін мәлімдеді. Алайда сәулеттік формалар тұрғындардың сынына төтеп бере алмағандықтан, оларды демонтаждау туралы шешім қабылданған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.