Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да өрттен қаза тапқан қыз баланың анасы қамауға алынды

СҚО-да өрттен қаза тапқан қыз баланың анасы қамауға алынды
Фото Depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында өрттен қаза тапқан қыз баланың анасы қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан қаза тапқан қыз баланың анасы қамауға алынды. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Аталған әйел кәмелетке толмаған қызын үйде қараусыз қалдырған.

«Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қамауға алынды. Бұл әрекетке қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді Санжар Әділов.

Ол құқық қорғау органдары мұндай әрбір жағдайға, егер қылмыс құрамы белгілері болса, нақты құқықтық баға беретінін атап өтіп, азаматтарды кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуге шақырды.

Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан. Қыз баланың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі