Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«25 түйіншек табылды»: Оралда екі студент қыз қамауға алынды

«25 түйіншек табылды»: Оралда екі студент қыз қамауға алынды
Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент қызды қолға түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, жеке тексеру барысында олардың бірінің сырт киімінің қалтасынан полиэтиленге оралған ақ ұнтақ салынған 25 түйіншек табылып, дәлел зат ретінде тәркіленген. Алдын ала болжамға сәйкес, екі студент бұл әрекетті алдын ала сөз байласып, оңай табыс табу мақсатында жүзеге асырмақ болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция өкілдері есірткі қылмысының өте ауыр жауапкершілік жүктейтінін ескертіп, мұндай әрекеттер жасөспірімдердің тағдырына ғана емес, қоғамға да зор қауіп төндіретінін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.