Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сот Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін мәжбүрлі түрде таратып жіберді

Сот Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін мәжбүрлі түрде таратып жіберді

Бірлестік 2021 жылы 11 қазанда тіркелгені белгілі болды



Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарап, бірлестікті мәжбүрлі түрде таратып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.



Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, бұл бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген екен.

«Бірлестіктің құрылтайшылары 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында жазылған.  Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойғаны анықталды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Осы заңсыздықтарды ескере отырып сот «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды Астана соттары.



Автор
Данияр

Журналист