фото: kyn.kz"Қарындасымның денесін алып келген кезде әйелдер жумай тұрып біз кіріп, фото, видео түсірілім жасап алдық. Салтанаттың бет-әлпетінде, денесінде қасақана жасалған ауыр жарақат өте көп болды. Ондай таяқтаудан тірі қалу мүмкін емес. Бетінде соққыдан қалған көгеру ізі деп айтпас едім. Ол кәдімгі өлімді мақсат еткен аяусыз жарақаттар. Басында, бірнеше жарық, арқасында жарақаты терең тағы бір жарық болды.
Сол көзі толық ағып кеткен. Бишімбаев қарындасымды азаптап өлтірген. Мынандай жағдайды көргеннен кейін Қуандық Бишімбаев оны азаптап өлтіріп, өзі көміп тастауды немесе денені тығып қоюды жоспарлады деп ойлаймын. артынан өз қылмысын жасырып, ізін суытуы да мүмкін еді. Бұндай қатыгездік сау адамның қолынан келмейді. Бұл барып тұрған жауыздық, - деді Нүкенованың ағасы.
“Басқалардың сөзіне еріп кеттім”: Фариза Алмазқызы Нұрсұлтан Жақсыген туралы
25 желтоқсан, 2025