Қазақстанның ең танымал вайнерлері - Yuframe командасы - жобаның жабылуы туралы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеода вайнерлер өздерін сабырға шақырғанымен, көз жастарын ұстай алмады.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса бұл жаңалыққа таңданыстарын білдіріп, аса қуана қоймады, тіпті кейбірі мұны пранк деп йлаған. Дегенмен, олар қыз-жігіттерге осы уақытқа дейін көңілді видеоларымен қуантқаны үшін алғыс білдіруді ұмытпады.
"Қазақстандағы ең бірінші және ең керемет вайн-жобалардың бірі", "Мен сіздердің видеоларыңызбен бірге өстім", "Бұл кезекті пранк", "Бұл жобаны ешқашан ұмытпаймын, рақмет сіздерге", - деп жазды қолданушылар.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=uZQJazy-K4A[/embed]
stan.kz