ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Соңғы қоңыраудың қалай өтетіні белгілі нақтыланды

Соңғы қоңыраудың қалай өтетіні белгілі нақтыланды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде 20 маусымда басталады. Жалпы респбулика бойынша 168 тест тапсыру пункті болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов соңғы қоңыраудың қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылының соңына дейін 3,3 миллион оқушы мен 1 миллион студентке қашықтан білім беру жұмысы жалғасады. Аттестатты тапсыру және соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық кеңістікте өтеді. Адамдардың саны шектеулі, ал санитарлық нормалар қатаң сақталады", – деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде 20 маусымда басталады. Респбулика бойынша 168 тест тапсыру пункті болады. Ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталады.

Оқи отырыңыз: Министрлік биыл оқушылар жазғы демалысқа қашан шығатынын хабарлады

Еске сала кетейік, осы кезге дейін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырау шарасын өткізуге қатысты пікір білдірген. Ол БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында: "егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмайды", – деп мәлімдеген.


sputniknews.kz
Автор
Данияр