KZNews.kz
Шоу-бизнес

Соңғы көкжал Оспан батырдың 120 жылдғы тойланады

KZNEWS
Бүгін, 20 наурыз Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтың XX ғасырдағы ұлтазаттық күресі жетекшілерінің бірі, азаттық жолында шаһит кешкен көкжал оғланы Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толуына арналған баспасөз конференциясы өтті. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырған, Оспан батырдың 120 жылдық мерейтойының басталуына арналған жиынға тарихшы-қаламгерлер, зиялы қауым мен баспасөз өкілдері қатысты. Баспасөз жиынын Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов бастап ашты. «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті Жеңіс Түркия қор аясында жыл бойы ұйымдастырылатын шаралармен қысқаша таныстырды. Аталған қор төрағасының айтуынша, Оспан батырдың 120 жылдығына орай Қазақстаннан тыс Түркия, Моңғолия, Ресей, Франция және Германия елдерінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, мерейтой халықаралық деңгейде аталып өтіледі.

Батырдың тіке ұрпағы Өркен Нәбиұлы өз ойымен бөлісті. Фото: QT,

Аталған жиналыста Қазақстан Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділов, ақын Жәркен Бөдеш, Темірхан Тебегенов, Арыстан қажы Шәдетұлы, Өркен Нәбиұлы (батырдың немересі), Жәди Шәкенұлы, Мұрат Шаймаран қатарлы жиын қатысушылары Оспан батыр және оның мерейтойына арналған шаралар жөнінде өз ойларын ортаға салды. Оспан батыр Сіләмұлының 120 жылдық мерейтойына орай өткізілетін шараларға «Ер Жәнібек» қорымен бірге, «Отандастар» қоры, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Көкшетау және ШҚО әкімдігі, өзге де БАҚ өкілдері мен қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетпек.

Дереккөз: “The Qazaq Times”

KZNEWS
Автордың басқа материалдары