"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Соңғы аманаты": Ләйлә Сұлтанқызының қайтыс болған ағасының қызы өмірге келді

"Соңғы аманаты": Ләйлә Сұлтанқызының қайтыс болған ағасының қызы өмірге келді

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының бақилық болған ағасының қызы дүниеге келді. Кішкентай бүлдіршін әкесінің қазасынан кейін бір аптадан соң өмір есігін ашқан. Бұл қуанышты хабарды ақпарат өкілінің өзі жеткізген. Оның айтуынша, ағасы бір нәрсені сезгендей болашақ перзентіне ат қойып кеткен.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл хабарды өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізушінің айтуынша, ағасы науқастанып қалған соң, аяғы ауыр келіншегіне қызының атын аманат етіп кеткен.

Әкесі перзентіне Мәриям деген есімді таңдағаны белгілі болды.

"Ағамның соңғы аманаты. Ағам ауырып жүргенде жеңгемнің алтыншы сәбиіне аяғы ауыр еді. Қаралы хабар келіп, тура бір апта өткен соң қызды болды. Өзі кетіп, көзі келді деген осы екен. Тек қызы әкесімен, әкесі қызымен танысып та үлгермеді, әттең. Есімін Мәриям деп қойды. Ағам бәрін сезгендей жеңгеме есімін аманат етіп кетіпті. Дишинкам да жаңа туған немересін көрген сайын қайта-қайта батасын береді. Иса Пайғамбардың анасының есімі Мәриям болған екен. Сен біздің әулетке бұлтты күні. Күн болып келдің. Ғұмырлы бол, балапан" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының туған ағасы дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз. 44 жастағы ер адам инсульт алып, оншақты күндей жансақтау бөлімінде жатқан.

nur.kz

Автор
Айбар