ка

Сомалиде шегіртке қаптап, төтенше жағдай жарияланды

03.02.2020 13:28
0
1

Сомалиді шегіртке басып, төтенше жағдай жарияланды. Елдің ауылшаруашылығы министрлігі өсімдікпен қоректенетін жәндіктің азық-түлік қорына қауіп төндіріп отырғаны жайлы мәлімдеді.

Сәуірде басталатын астық жинау науқанына дейін жағдайды бақылауға алу мүмкін емес деген болжам бар.

БҰҰ дерегінше, Сомали мен Эфиопияда шегіртке соңғы 25 жылда болмаған мөлшерде көбейген. Ғалымдар көршілес Кенияда мұндай жағдай соңғы 70 жылда алғаш рет тіркеліп отырғанын айтады.

Сомали – шегірткенің қаптауына байланысты төтенше жағдай енгізген Африканың шығысындағы алғашқы мемлекет.

Күнделікті өз салмағымен бірдей мөлшерде өсімдікті жалмайтын шегіртке күніне 150 шақырымға дейін ұшып бара алады.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий