Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Қазақстанда Еңбек Еріне ескерткіш қойылды

Солтүстік Қазақстанда Еңбек Еріне ескерткіш қойылды

Нысанның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Шал ақын ауданының әкімі Нұрлан Есімов  саналы ғұмырын шаруашылық, кеңес,  партия қызметтеріне арнаған, ел, жер қамын алдыңғы орынға қойған білгір басшының өмірі жастарға әркез үлгі екенін атап  көрсетті. Еңбек ардагері Хамит  Найманов онымен бірге жұмыс атқарған кездері жайлы сыр шертті.

Есім Шайкеұлы 18 жасында қолына қару алып, жауға қарсы соғысқа аттанған. Майданнан оралған соң ұжымшар төрағасы, кеңшар директоры, ауатком төрағасы секілді еңбек жолдарынан өткен.  Аудандық партия партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін көтерілген. 1976 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. 2 рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Көшеге,  мектепке аты берілген.

Шалақындықтар бұл кісінің есімін ерекше құрметтейді, қимастықпен еске алады. Есағаң басқарған жылдары мұнда көптеген мектептер, ауруханалар, көпқабатты тұрғын үйлер, мәдениет ошақтары салынды. Әсіресе, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізіліп, аудан орталығы, елді мекендер жасыл желекке айналды.

Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Жандос