Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Корея Ким Чен Ынның өліміне қатысты түсініктеме берді - Қазақстан жаңалықтары

Солтүстік Корея Ким Чен Ынның өліміне қатысты түсініктеме берді - Қазақстан жаңалықтары

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Кореяның достық қауымдастығының басшысы, дипломат Алехандро Као де Бенос мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, КХДР-дың өлгені туралы суық хабар жалған әрі құйтырқы екен. 

25 сәуір күні қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде Гонконгтың HKSTV арнасының вице-директоры Солтүстік Кореяның басшысы қайтыс болды деген хабар таратыпты. Мұны жазған адам өзінің ақпарат көзін сенімді деп айтыпты. 

Кейіннен КХДР басшысы Вонсан қаласындағы шипажайда жатқаны анықталыпты. Ол жерде Ким Чен Ынға тиісілі медициналық мекеме бар көрінеді. Ол жақта арнаый пойыздың болуы кореялық басшының расымен де сол жақта екенін аңғартады. 

КХДР басшысы қайтыс болды деген ақпарат оның кейін кезде көрінбей кеткеніне байланысты шыққан. Осыған байланысты Ким Чен Ын өзінің мұрагерін дайындап жатыр деген хабар да таралыпты. 


stan.kz
Автор
Данияр