KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Сіздікі жай ма? »: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ренішін ашық жеткізді

Ayzhan Sylanova

Жуырда Ләйлә Сұлтанқызы өзінің YouTube арнасында пластикалық хирургтармен сұхбаттасып, отандық танымал тұлғалардың қандай оталар жасатқанын талқылаған. Әңгіме барысында дәрігерлер Ерке Есмаханның есімін де атап, оның бетіне пластикалық операция жасалғанын және мұндай процедураны Қазақстанда емес, Кореяда жасатуы мүмкін екенін болжам еткен.

Бұл пікір әншінің көңіліне тиген сыңайлы. Ол сторисінде Ләйлә Сұлтанқызына тікелей жазып, мұндай жағдайдан қатты таң қалғанын жеткізді.

«Ләйлә ханым, бұл қалай болғаны? Сұхбаттастарыңыздың айтқан әңгімелерінің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Менің бетімде мұндай оталардың болмағанын өзіңіз жақсы білесіз. Жақын сыйлас әпкем ретінде жалған сөзге жол бермей, қорғаудың орнына, керісінше өзіңіз талқыға салғаныңызға таңғалдым», – деп жазды Ерке.

Сонымен қатар ол өзіне қатысты алып-қашпа сөздерге мән бермейтінін, алайда жақын адамдардың атын хайп пен қаралым үшін пайдалануын құптамайтынын атап өтті.
«Өмірде жақын санаған жандардың менің атымды хайпқа пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін!», – деді әнші.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік Еркенің жағына шығып жатыр. Ал Ләйлә Сұлтанқызы әзірге бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары