"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сирия астанасында шіркеуде теракт болып, 20 адам қаза тапты

Сирия астанасында шіркеуде теракт болып, 20 адам қаза тапты

Экстремист шіркеуге кіріп, алдымен оқ жаудырып, артынша жарылғыш белдігін іске қосқан

Дамаск қаласындағы Дувейла ауданында орналасқан Мар Элиас шіркеуінде жанкешті жасаған жарылыстан кемінде 20 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды. Бұл туралы Kznews.kz  BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Лаңкестік әрекетті кім жасады

Сирияның Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, шабуылдаушы террористік ұйымының мүшесі болған.

Ол шіркеуге кіріп, алдымен оқ жаудырып, артынша жарылғыш белдігін іске қосқан. Шабуылға екі ер адам қатысқан, оның бірі өзін жарып жіберген.

Грекия бұл әрекетті қатаң айыптады

Грекияның Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, лаңкестік әрекетті «жиіркенішті» деп атап, Сирия билігін шұғыл шара қабылдауға шақырды:

«Біз Дамасктегі грек православие шіркеуінде болған бұл жауыз әрекетті сөзсіз айыптаймыз. Сирияның өтпелі үкіметі кінәлілерді жазаға тартып, христиан қауымдастығы мен өзге де діни топтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауы тиіс», – делінген мәлімдемеде.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.