KZNews.kz
Шоу-бизнес

Сирияда Ресей авиациясының шабуылынан 23 адам мерт болды

KZNEWS

Сирияның солтүстігіндегі Маарет әл-Нуман қаласында Ресей әскери ұшақтарының шабуылынан кемінде 23 бейбіт тұрғын қаза болған. AFP агенттігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақтар шабуылы 22 шілдеде жасалған.

Құқыққорғаушылардың мәліметінше, шабуылдан жергілікті жеміс-жидек базары мен тұрғындар баспанасы қираған. Шабуылдан кемінде 45 адам жараланған, олардың кейбірі ауыр жағдайда ауруханаға түскен деп хабарланды.

Ресей әуе шабуылы туралы ақпаратты "жалған хабар" деп отыр.


Azattyq
KZNEWS
Автордың басқа материалдары