Саябақтың салтанатты ашылуына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары қатысты.
Аллеяда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның ұлттық павильондары орналастырылған. Әр елдің мәдениеті мен дәстүрі жеке таныстырылғанымен, экспозициялардың негізгі идеясы ортақ тарихи тамыр мен рухани бірлікті көрсету мақсатын ұстанады.
Оның ішінде, біздің еліміздің павильонында қазақтың киіз үйі, "Сақ аңшысы" мүсіндік композициясы, құсбегілік пен тазы баптау өнері және Орхон жазба ескерткіштері ұсынылды. Бұл нысандар тұтас Түркі әлеміне Ұлы даланың көшпелі мәдениеті, көне түркі мұрасы және қазіргі Қазақстанның ұлттық келбетін паш етеді.
Жалпы, түркі әлемі интеграциясы ортақ тарих пен мәдени мұраны дәріптеумен ғана шектелмейді. Қазір ортақ ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары, тарихи ескерткіштерді сақтау, әдеби байланыстар мен экономикалық жобаларды нақты нәтижеге бағыттау үрдісі жүріп жатыр.
Соның бір көрінісі Анкарада бүгін басталған Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті самитті болмақ.