Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы ауруханаға жатқызылған қазақстандықтар туралы ақпаратты растамады.
Әлеуметтік желілерден хабарлама жазылған скриншотты журналист Михаил Козачков Telegram каналында жариялады. Хабарламада «Қазақстаннан Анталияға ұшып кеткен 55 адам КВИ-мен ауруханаға жатқызылды» делінген.
Коронавирусты жұқтырған қазақстандықтар табылған жағдайда, түрік дипломаттары бұл туралы қазақстандық тарапты хабардар етеді.
"Біздің Анталиядағы дипломаттарымыз қазір жағдайды біліп жатыр», - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.