«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

СІМ: Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмады - Қазақстан жаңалықтары

СІМ: Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмады - Қазақстан жаңалықтары

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген» делінген хабарламада. Сондай-ақ, ведомство біздің елдің дипломаттары Кореяда әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін "Хабар 24" арнасының тілшісі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны жайында хабарлаған.

Арнаның жекеменшік тілшісі Владислав Цойдың мәліметінше, полицияға санитарлық дәрігерлер қашып кеткен ер азаматты тауып беруді сұрап өтініш айтып жүгінген. Ол қазақстандық азаматтың Гунпо қаласында тұрып, кейін Ансонг қаласына көшкенін айтқан. 

Полиция қызметкерінің сөзінше, қазақстандық азаматқа екі күн бұрын талдау сараптамаларын жасаған. Бүгін сол талдаудың қорытындысы келіп, коронавирустың бар екені анықталған. 


stan.kz
Автор
Данияр