«Шымкент BUS» компаниясының жүргізушілері жұмысқа шықты. Компания басшылығымен жүргізілген келісім нәтижесінде ақпаннан бастап автобус жүргізушілері 200 мың теңгеге жуық жалақы алатын болды. Жан айқайларына құлақ асып, мәселенің тез арада шешілуіне ықпал жасаған қала басшысына алғысын айтқан жүргізушілер наразылық шарасы үшін қалалықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Отырар сайты.
Қала әкімі уәде еткендей, жалақыны көтермесе жұмысқа шықпаймыз деген «Шымкент BUS» компаниясының жүргізушілерімен Түркістан сарайында кеше кешкісін кездесті. Жиынға қалалық еңбек инспециясы басқармасы, кәсіподақ ұйымының өкілдері мен көлік компаниясының басшылығы қатысты. Кездесуде дауға себеп болған жүргізушілердің айлықтары қалай есептелетінін түсіндірілді



«Ашықтық, диалог жоқ жерде наразылық туындайтыны анық», – дейді жиынға төрағалық еткен қала басшысы. Сондықтан да бұл мәселені түпкіліклті шешу мақсатында екі тараптың да уәжі тыңдалды.
Азат ҚАЙЫПБЕКОВ, «Шымкент BUS» компаниясының бас директоры: «Уақытша ыңғайсыздықтар үшін барлықтарыңыздан кешірім сұраймыз. Алдын жоспар 21 мың теңге болатын. Төлем картасы енгізілгеннен бері, қолма-қол ақшаны кассаға тапсыру міндеті жүктелген болатын, алайда жүргізушілер бас тартып, № 45 маршруттың жүргізуші барлық түскен ақшаны тіпті үйіне алып кетті».
Жұмыс барысында туындаған мәселелер заң шеңберінде шешілуі тиіс деп атап өткен шахар басшысы орынбасары Мақсұт Исаховқа көлік компаниясындағы жағдайды реттелгенше қадағалауды тапсырды.

Шынар Оразова