Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте сәулет басқармасының басшысы жұмыс орнында ұсталды

Шымкентте сәулет басқармасының басшысы жұмыс орнында ұсталды

Шымкентте әкімдік ғимаратында Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 13 тамыз күні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында болған. Шенеунікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстап әкеткен. Енді оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша қылмыс жасады деген күдік келіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, Әбдешов тікелей жұмыс орнында ұсталып, сол күні-ақ уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Ол бұл басшылық қызметке 2025 жылдың 28 ақпанында келген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.