Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте пәтерлерден су сорғалап, көшелерді шайып кетті – видео  

Шымкентте пәтерлерден су сорғалап, көшелерді шайып кетті – видео  

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Шымкентте нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды.

Жексенбі күні "Нұрсәт" шағын ауданындағы үйлердің бірінің сегізінші және тоғызыншы қабаттарындағы пәтерлерді су басты. Су шатырдан құйылып, люстра арқылы сорғалаған, деп жазды Otyrar.

Су басқан пәтерлердің көбісінің иелері туыстарының үйінде түнеп шығуға бел буыпты.  

"Қайда жататыныңды білмейсің. Бірде-бір құрғақ төсек қалмады. Ертең жиналып, не істейтінімізді ақылдасамыз ", — дейді "Нұрсәт" шағын ауданының тұрғыны.  

Сондай-ақ нөсерден тұрмыстық техника дүкені зардап шекті.

Әлеуметтік желіде таралған видеода қызметкерлер қымбат тұрмыстық техникаларды судан қалқалап жатқаны көрінеді.

Тіпті, дәмханадан да су саулап, көшелерді шайып кеткен. 

Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте дүйсенбі күні де жаңбыр жауады деп болжанып отыр.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан