АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Шымкентте 9- сынып оқушысы сабаққа тапанша алып келді. Бұл фактіні ювеналды полиция рейд кезінде анықтаған, деп хабарлайды Elitar.kz.
Әл-фараби ауданы ювеналды полиция басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әлиевтің айтуынша, 25 -30 қараша аралығында қалада рейд жүргізілген.
"Шара кезінде 25 қараша күні оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр ", - деді ол.