Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туралы айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туралы айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1942 жылы туған әйел, Шымкент қаласының Абай ауданының тұрғыны . 78 жастағы науқас ЖРВИ, пневмония диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел медициналық жәрдем желісі бойынша жеткізілді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы анықталды", - деді басқармада.

29 сәуірде науқас реанимация бөліміне ауыстырылып, ауыр жағдайға байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды.

Ілеспелі аурулар: 3-дәрежелі артериялық гипертензия, жоғары қауіп тобы, созылмалы бронхит. Емдеу хаттамасына сәйкес пациентке емдеу шараларының толық көлемі жүргізілді.

"Жүргізілген реанимациялық іс - шараларға қарамастан, 3 мамыр күні сағат 10:20 - да науқас қайтыс болды", - деді медицина қызметкерлері.


stan.kz
Автор
Данияр