«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат түсіндірілді

Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат түсіндірілді

Таңертеңнен бері әлеуметтік желілер арқылы Шымкентте коронавирус тіркелгені айтылған роликтер тарап жатыр


НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде тараған Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат жалған. Видео өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде түсірілді, деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Шымкентте коронавирус тіркелді деген шындыққа жанаспайды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тек ресми ақпаратқа сену керек екенін ескертеді", - делінген ведомство таратқан ресми хабарламада.

Ал Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, "Шымкент Плаза" сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткен.

"Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес, 3 наурыз күні сағат 10:17-де Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңындағы "Шымкент Плаза" ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті. Оған "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі" мекемесінің 5 техника мен жеке құрамның 24 маманы қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.

©
Photo : Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

Шымкентте өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті


Жаттығу кезінде сауда орнына келушілер эвакуациялық орындардан жаппай сыртқа шығарылып, есіктердің өткізу мүмкіндігі тексерілді.

Сондай-ақ, коранавируске қатысты жалған ақпарат таратып, халықтың арасында дау туғызған азаматтардың заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.


sputniknews.kz

Автор
Данияр