Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте әскер қызметкері мен оның ағасының өлімінің себебі жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

Шымкентте әскер қызметкері мен оның ағасының өлімінің себебі жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкер мен оның ағасының Шымкенттегі өлімінің алғашқы себебін атады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Оқыс оқиғаның салдарынан, әскер қызметкері мен оның Шымкенттегі сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген ағасы жалдамалы пәтерде газға уланып, мерт болды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары екі сарбаздың қаза тапқаны туралы берген мәліметі жаңсақ ақпарат", - деді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Зардап шеккендердің бірі аға лейтенант атағы бар офицер болды. Оның туысы әскери адам емес. Олар осы жалдамалы пәтерде тұрақты тұрды. Қайғылы оқиға жұмыс уақытында болған жоқ", - деп толықтырды қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтады.

Әрі қарай полиция қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүргізеді.


stan.kz
Автор
Данияр