KZNEWS.KZ
Қоғам

Шымкентте әкімдік ғимаратынан өрт шықты (видео)

• Айгерім Асылова

14 тамызда Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі ғимаратының шатыры өртенді. Төтеншеліктер өрттен ешбір адам зардап шекпегенін мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, таңға жуық "112" қызметіне Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратының шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Өрттің жалпы көлемі 1200 ш.м. болды. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толығымен сөндірілді. Өртте зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда", – делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы және 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника мен 3 маман, жергілікті атқарушы органнан 2 техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →